Құтырма ауруы
Құтырма ауруы (басқаша атауы: рабиес (лат. rabies), – гидрофобия,аса қауіпті, ауру малдардың тістеуінен тарайтын, орталық жүйке жүйесін зақы ақыры өлімге әкеліп соғатын, аса қауіпты ауру.Өскемен қаласында жануардың тістеуінен зардап шеккендер саны жылына 1100 адамды құрайды. Барлық зардап шеккендерге антирабикалық көмек көрсетіледі. 2017ж. 9 айдың ішінде жануардың тістеуінен зардап шеккендер саны 850 адамды құрады. Емдік профилактикалық мекемелерде зардап шеккендерге тегін көмек көрсетіледі. Құтырма ауруының инфекция көзінің 89%-ын иттер, 9%-ын мысықтар, 2%-ын –басқа жануарлар құрайды.Жануарлар аурудың белгілері пайда болғанға дейін 3-10 күн және ауру кезеңінде де жұқтырғыш болып келеді.
Жануар адамды тістеп, қапқанда, жараға жұққан сілекейі арқылы ағзаға түседі. Құтырма вирусы сілекей арқылы беріледі.Әсіресе бас,қолдан тістеу ең қауіпті болып табылады. Адамдардың ауруы көбінесе медициналық көмекке кеш бару, профилактикалық емдік режимінің бұзылуы, аяқталмауымен байланысты. Жануардың тістеуінен кейін ауру белгілері байқалса жедел медициналық көмекке жүгінуі керек.
Ауруды алдын алу үшін ең тиімді жолдарының бірі – пассивті иммунизация антирабикалық иммуноглобин мен антирабикалық сарысуды қолдану. Пассивті және активті иммунизацияны бір уақытта қолданылады, бірақ бір орынға екеуін бірге салуға болмайды.
Құтырмаға қарсы вакцинаны салуға арналған көрсеткіштер:
Жедел екіншілік алдын алу (вакцинопрофилактика) жедел түрде:
- -барлық белгісіз немесе құтырма ауруына күдікті жануардың тістеуінде,тырнауында;
- -киім арқылы тістелу егерде тістің ізі қалса
- -жұқа, тоқыма киім арқылы тістелген жағдайда
- – дені сау жануармен қарым – қатынас кезінде тістелген,тырналған жағдайда, егерде жануар 10 күннің ішінде ауырса немесе өліп қалса, жоғалып кетсе;
- – жабайы кеміргіштермен тістелген жағдайда;
- – құтырмамен ауыратын адаммен тістелген тырналған жағдайда;
Ит қауіп алса (мысық немесе басқа жануар) Не істейміз?
- Жараны жедел түрде сабынмен немесе жылы сумен жуамыз.Жараны жуу арқылы біз вирустардың санын азайтамыз- бұл ең маңызды болып табылады.
- Егер жарадан қан ағып тоқтамаса – дәкені бірнеше рет орап алып сутегі асқын тотығына малып 2-3 минут жараға басу керек.
- Жараның шетін 70% спиртпен (болмаған жағдайда арақпен, коньякпен тағы басқа құрамында спирті бар заттармен) сүрту қажет.
- Қанды тоқтату үшін жараны таңу қажет.
Өскемен қаласында құтырма ауруына қарсы екпе келесі мекен-жайларда жүргізіледі: жарақат пунктерінде, балалар үшін «Ана мен бала орталығы», Өтепов көшесі,35,37, үлкендерге «№1 Қалалық аурухана», Абай көшесі,18 және үлкендерге иммунизацияны жалғастыру үшін «№2 Қалалық поликлиника»,Буров көшесі,53.
Қаңғыбас жануарлардың көзін құртумен «Өскемен мал дәрігерлік қызметі» айналысады, олар «Өскемен қаласының әкімшік істер басқармасы» филиалынан келіп түскен сұраныспен жұмыс жасайды.Қала бойынша әр аймақта 10 бригада тіркелген. Сұранысты барлық қалағандарға жіберуге болады.