«Жедел жәрдемді« дұрыс шақырайық.
Сонымен, сіз 103 нөмірін тердіңіз. Ары қарай не істейсіз?
- Шақыру себебін және ауырған адамның (немесе оқиға болған жердің) мекенөжайын дұрыс айтыңыз.
- Егер көшеден қоңырау шалып тұрсаңыз және үйдің нөмірін дәл білмесеңіз, жедел жәрдем бригадасы тез жету үшін бағдар беріңіз.
- Үйдің кодтық құлыбының нөмірін, өз телефон нөміріңізді, нешінші подъезд, нешінші қабат екенін хабарлауды ұмытпаңыз.
- Мүмкіндігіңіз болса, жедел жәрдем бригадасын подъезд алдында күтіп алыңыз.
- Пәтерде науқасты қарауға ыңғайлы орын болу керек.
- Көрсетілетін көмек көлемін медицина қызметкері анықтайды. Сіз дәрігерге, жедел жәрдем келгенше немесе үнемі қабылдап жүрген препараттар туралы айтуыңыз керек. Қандай да бір дәріге аллергиясы бар екенін ескертуді ұмытпаңыз.
- Барлық қойылған сұрақтарға, ыңғайсыз болса да шын жауап беріңіз.
- Басқа препараттар енгізу кезінде асқыну жағдайлары болмас үшін, зиянды әдеттеріңіз болса (ішімдікке салыну немесе есірткі қолдану) жасырмай айтыңыз.
- Міндетті түрде, науқастың өткізген аурулары болса: миокард инфарктісі, мидағы қан айналымының жіті бұзылуы, жара ауруы, қант диабеті, онколигиялық аурулары, жүйке аурулары диспансерінде тіркеуде тұрған-тұрмағанын айту керек.
- Егер созылмалы аурумен аурсаңыз, (қант диабеті, эпилепсия) осы аурулар туралы жазылған қағазды көрінетін жерге қойып қойыңыз (сыртқы төс қалтаңызға немесе пиджақтың сыртқы қалтасына). Жедел жәрдем бригадасы осындай науқастар көшеде ес-түссіз жатқанда келетін кездері де болады.
Есіңізде болсын, «жедел жәрдем« бригадасы:
Шипашақ жазып бермейді
Еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы парақ және анықтама бермейді
Бұлшық ет және тамыр арқылы жоспарлы егу жұмыстарын жүргізбейді
Ішімдік және есірткі қолданғанына куәлік етпейді
Сот-медициналық сараптама жүргізбейді
Өлу себебінің қорытындысын жасамайды
Науқасты стационардан үйіне әкеліп тастамайды
Жедел медициналық көмек көрсетудің толық тәртібімен сайттан танысуға болады https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021713
немесе файлда Жедел медициналық көмек көрсету ережесі.