Жедел медициналық жәрдем станциясы ересектер мен балаларға өмірге қауіп төнген, жазатайым жағдайларда, жіті ауыр аурулар жағдайында оқиға болған жерде, немесе жету жолында тәулік бойы жедел және шұғыл медициналық жәрдемді тегін көрсетуші медициналық ұйым. Ол өз тарихын 1947 жылдан бастайды, ол кезде құрылыс алаңшасы ауданындағықаланың емханасының 1 постында жедел медициналық жәрдем орны ұйымдастырылған. Пост тәулік бойы жұмыс істейтін фельдшер, санитар және ат жегу әбзелдерінен тұратын. 1950 жылғы қыркүйекте Өскемен қаласының жедел медициналық жәрдем станциясы ұйымдастырылды, оның құрамында 3 медициналық жәрдем пәуескесі, «SKODA» маркілі 2 автомобильжәне 1ЗИЛ болған.
Жеделжәне шұғыл медициналық жәрдем қызметіне қазіргі күні денсаулық сақтау үздігі, «Денсаулық сақтауды ұйымдастырушы» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты бар бас дәрігер Ластаев Марат Сейтқамзаұлы басшылық етеді.
Қалада жедел медициналық жәрдем қызметі станция болып өз бетімен жұмыс істейді. Жеделжәрдемпостарының саны -32, соның ішінде: 4 педиатриялық, 3-кардиологиялық, 1-травматологиялық, 1-психиатриялық. Санитарлық автокөлікпен қамтамасыз ету 100 пайыз, ал оның тозуы 35,7 пайызды құрайды. Бекітілген нормативтерге сәйкес медициналық жабдықтар мен медициналық тағайындау бұйымдарымен станцияның жабдықталуы 79 пайыздан тұрады.
Станцияда барлығы 534 қызметкерлер жұмыс істейді, оның ішінде 43 дәрігер, 72 пайызының біліктілік санаты бар. Орта медициналық қызметкерлер (фельдшерлер) 222, олардың ішінде 77 пайызының біліктілік санаты бар. Жедел жәрдем станциясы жыл сайын 185000 жуық шақыруларға қызмет көрсетеді, қала маңы ауылдарына қызмет көрсету радиусы 40 км-ге дейін.
2001 жылдан бастап автоматтандырылған басқару жүйесі жұмыс істейді. Қабылдау және топтарға шақыруларды тапсыру технологиясы автоматтандырылған. 2010 жылдан бастап навигациялық мониторинг жүйесі құрылған, 39 жедел жәрдем көліктері GPS жүйелі навигациялық датчиктармен жабдықталған.